Талапкерлерге


Құрметті Талапкерлер

Сіздерді Қазақстан Республикасының сәулет, дизайн, құрылыс және инженерия саласындағы жетекші жоғары оқу орны — Халықаралық білім беру корпорациясын (ХБК) таңдауға шақырамыз.

Университет қабырғасынан ондаған мың түлек шықты, олардың көпшілігі танымал мамандар, мемлекеттік қызметте, ірі компаниялар мен ұйымдарда басшылық қызметтер атқарады немесе өз компанияларын басқарады.

Профессорлық-оқытушылық құрам – өз саласындағы танымал мамандар, ғалымдар, ғылыми мектептер мен бағыттардың негізін қалаушылар, олардың есімдері Қазақстанда ғана емес, шетелде де белгілі.

_MG_0260

Құжаттарды қабылдау ережелері мен тізімі

Қабылдау күндері және қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі

  • Шығармашылық емтиханға өтініш қабылдау, құжат тапсыру
    20 маусымнан 6 шілдеге дейін 
  • Шығармашылық емтихандар өткізілуі
    7 шілдеден 15 шілдеге дейін
  • Мемлекеттік грант конкурсына қатысуға өтініш беру
    13 шілдеден 20 шілдеге дейін
  • Шығармашылық емтихандардан басқа мамандықтарға құжаттарды тапсыру 
    20 маусымнан 25 тамызға дейін

_

Құжаттар тізімі:

  • білім туралы құжат және қосымшасы (түпнұсқа);
  • ҰБТ сертификаты;
  • грант тағайындау туралы куәлік (бар болған жағдайда);
  • 3*4 фото (4 дана);
  • жеке куәлік түпнұсқа және көшірмелер (2 көшірме);
  • 18 жасқа толмағандар үшін ата-ананың бірінің жеке куәлігі (көшірме);
  • 075/у анықтамасы (түпнұсқа) + флюорография кескіні (дәрігердің мөрі мен қорытындысымен);
  • 063/у анықтамасы немесе денсаулық паспорты (вакцинация деректері бар беттердің көшірмесі).
  • құжаттарды сенімді тұлға тапсырған жағдайда - сенімді тұлғаның жеке куәлігі және ата-анасының нотариалды куәландырылған сенімхаты;
  • жеңілдіктері бар талапкерлер үшін - жеңілдікті растайтын барлық құжаттар

Түпнұсқалар мен қағаз нұсқалардан бөлек, барлық құжаттар электрондық форматта болуы қажет: сканерленген нұсқа.


Білім беру грантын алу конкурсына қатысатын оқуға түсушілердің төменде келтірілген санаттары үшін растайтын құжаттар:

1. Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиеленетін отбасылардан шыққан балалар үшін көзделген квота бойынша құжаттарды тапсыру кезінде растайтын құжаттар ретінде:

  • Барлық балалардың туу туралы куәлігі;
  • Ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжаттары;
  • Көп балалы болу бойынша мемлекеттік жәрдемақы алушының куәлігі (бар болған жағдайда).

Ескерту: Егер отбасында 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент болса, онда оны балалар санын анықтау кезінде ескеру қажет. Егер ол оқымаса, онда 18 жасқа дейінгі балалар есепке алынады.

2. Кемінде 3 жыл мәртебесі бар толық емес отбасылардан шыққан, 18 жасқа толмаған талапкерлер үшін көзделген квота бойынша құжаттарды тапсыру кезінде растайтын құжаттар ретінде

  • Туу туралы куәлік;
  • Ата-анасының біреуінің ажырасу/қайтыс болу туралы куәлігі.
  • Жалғыз басты ата-ананың қайта тұрмыста болмағаны туралы анықтама
  • Егер баланы ата-анасының біреуі тәрбиелеген болса, бірақ туу туралы куәлікте ата-анасының екеуінің де жазбасы болса, онда некені тіркеудің жоқтығы туралы анықтама (Е-gov/АХАЖ/Әділет департаментінен анықтама) ұсыну қажет.

3. Мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін көзделген квота бойынша құжаттарды тапсыру кезінде растайтын құжаттар ретінде:

  • Талапкердің туу туралы куәлігі;
  • Мүгедектігі бар бауырының туу туралы куәлігі;
  • Мүгедектігі бар бауырының мүгедектігі туралы куәлік.

Басқа да санаттар:

4. I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;

5. Жетім балалар мен ата-анасының, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының қамқорлығынсыз қалған балалар).

Кешенді тестілеуге өтініш қабылдау
1 маусымнан 8 шілдеге дейін
28 қазаннан 10 қарашаға дейін

Қабылдау емтихандары (ББТ М031 - Сән, дизайн үшін)
16 шілдеден 10 тамызға дейін
21 қарашадан 28 қарашаға дейін

Қабылдау
15 тамыздан 28 тамызға дейін
26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін

_

Құжаттар тізімі:

1. Қосымшасы бар жоғары білім туралы Диплом (түпнұсқа);
2. КТ сертификаты;
3. Фото 3×4 - 4 дана (электрондық тасымалдағышта 1 дана);
4. Жеке куәліктің көшірмесі - 2 дана;
5. Грант беру туралы куәлік (бар болған жағдайда);
6. 075 анықтамасы + флюорография суреті (дәрігердің қорытындысы және мөрімен);
7. 063 анықтамасы (екпелер туралы деректері бар парақтардың көшірмелері).

Докторантураға өтініш қабылдау:
3 шілдеден 3 тамызға дейін
25 қазаннан 10 қарашаға дейін

Қабылдау емтихандары:
4 тамыздан 20 тамызға дейін
19 қарашадан 11 желтоқсанға дейін

Ұсынылатын әдебиеттер мен сұрақ үлгілері:

ББТ D035 Сән, дизайн
ББТ D112 Ағаш өңдеу технологиясы (қолдану салалары бойынша)
ББТ D125 Құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру
ББТ D124 Құрылыс
ББТ D122 Сәулет
ББТ D123 Геодезия

Қабылдау:
15 тамыздан 28 тамызға дейін
26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін

_

Құжаттар тізімі:

  • жоғары білім туралы құжат (түпнұсқа);
  • шетел тілінен тест тапсыру сертификаты;
  • QAZTEST сертификаты;
  • 3×4 фото - 4 дана;
  • жеке куәліктің көшірмесі;
  • жұмыс тәжірибесі бар екендігін растайтын анықтама (9 айдан жоғары);
  • соңғы 3 күнтізбелік жыл ішіндегі ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеу жоспары және басқа да құжаттар);
  • 075 анықтамасы + флюорография суреті (дәрігердің қорытындысы және мөрімен);