Қамқоршылар кеңесі

ҚазБСҚА Қамқоршылар кеңесі

Қамқоршылар кеңесі 2007 жылы ҚазБСҚА-ның интеллектуалды әлеуетін Қазақстан Республикасының мүддесі үшін тиімді пайдалану және оқу орнына қажетті ұйымдастырушылық-материалдық қолдау көрсету мақсатында құрылды.

ҚазБСҚА Қамқоршылар кеңесі құрылуы мен қызметі 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және 2007 жылғы 22 қазандағы ҚР Білім және ғылым министрінің «Қамқоршылық кеңестің үлгілік қызмет ережелерін және оны сайлау тәртібін бекіту туралы» бұйрығы аясында жүзеге асырылды.

Қамқоршылар кеңесі құрамына мемлекеттік мекемелердің, білім беру басқару органдарының, ірі кәсіпорындар мен инвестор ұйымдардың өкілдері, шығармашылық және кәсіби қауымдастық мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ студент жастар кіреді. Кеңес ҚазБСҚА-ның өміріне белсенді атсалысады, оқу орнының басшылығымен, құрылымдық бөлімшелерімен, оқытушыларымен және студенттерімен тұрақты жұмыс байланысын орнатады. Қамқоршылық кеңес мүшелері

ХБК-ның даму жоспарларын талдап, білім беру бағдарламаларын жетілдіру, заманауи технологияларды оқу үдерісіне енгізу, оқу-ғылыми және материалдық-техникалық базаны кеңейту бойынша ұсыныстар енгізеді.
Қамқоршылық кеңестің маңызды бағыттарының бірі – аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге, жетім балаларға, талантты жастарға, сондай-ақ шетелдік практикаға (Мысыр, БАӘ, Қытай, Корея, Түркия, Италия, Испания және т.б.) баратын студенттерге демеушілік қолдау көрсету.

Қамқоршылық кеңестің төрағасы:

Крымбек Елеуович Кушербаев

Кеңес төрағасы, Қазақстанның мемлекеттік және саяси қайраткері, дипломат, саяси ғылымдар докторы, философия ғылымдарының кандидаты

Кеңес мүшелері:

Сарманов Бекзат Казиевич

Кеңес мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы, «Элитстрой групп» директорлар кеңесінің төрағасы

Байтасов Арманжан Мерекеевич

Кеңес мүшесі, «Tan Media Group» холдингінің негізін қалаушы, «Forbes Kazakhstan» журналының баспагері

Копбаев Канат Шоханович

Кеңес мүшесі, Kusto Group компаниясының тең иесі және директорлар кеңесінің мүшесі, «Бәйге» республикалық федерациясының президенті

Омаров Асхат Асанович

Кеңес мүшесі, «BI Group» компаниясының CEO-сы және директорлар кеңесінің мүшесі

Рауан Кенжеханулы

Кеңес мүшесі, Bilim Media Group компаниясының негізін қалаушы, «Ұлттық аударма бюросы» корпоративтік қорының атқарушы директоры, «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының президенті

Татыгулов Айдар Абдысагитович

Кеңес мүшесі, «KAZGOR» жобалау академиясы» ЖШС президенті

Камитов Нурлан Дуйсенбаевич

Кеңес мүшесі, «INK Architects» бас сәулетшісі

Нысанбаева Любовь Владимировна

Кеңес мүшесі, «УРБОСТИЛЬ» ЖШС басшысы, Алматы қ. Қала құрылысы кеңесінің мүшесі

Епишев Юрий Николаевич

Кеңес мүшесі, «UNEX STORY» ЖШС басшысы