Ваканттық гранттар

Босаған білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу

Білім алушыларға жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігі туралы хабарлаймыз. Бос гранттарды тағайындау жазғы және қысқы демалыс кезеңінде конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Конкурсқа ақылы негізде білім алып жатқан студенттер мен магистранттар қатыса алады.
Үміткерлерді іріктеу аралық аттестаттау нәтижелері, үлгерімнің орташа балы (GPA), сондай-ақ университеттің ғылыми, қоғамдық және әлеуметтік өміріне қатысуы негізінде жүзеге асырылады.
GPA көрсеткіштері тең болған жағдайда тек А және А− («өте жақсы») бағалары бар білім алушыларға басымдық беріледі. Одан кейін А, А− («өте жақсы») бағаларынан бастап В+, В, В−, С+ («жақсы») бағаларына дейінгі көрсеткіштері бар білім алушылар басым құқыққа ие болады. Бұдан кейін оқу кезеңі бойындағы аралас бағалары бар үміткерлер қарастырылады.
Босаған білім беру гранттарына ауыстыруға үміткерлер туралы ақпарат университет тарапынан қалыптастырылып, әрі қарай қарау және шешім қабылдау үшін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға жолданады. Тиісті материалдарды ұсыну белгіленген мерзімдерде — ағымдағы жылдың 25 қаңтарына және 5 тамызына дейін жүзеге асырылады.

Босаған білім беру гранттарының саны туралы ақпарат:

2024–2025 оқу жылына бос грант жариялау

2025–2026 оқу жылына арналған бос білім беру гранттары туралы хабарландыру

Өтініш нысаны

2025–2026 оқу жылына арналған қосымша бос білім беру гранты