18.04.26

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары ХБК әскери кафедрасына барды

2026 жылғы 18 сәуірде Халықаралық білім беру корпорациясына (KazGASA) ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Асқар Досбосынұлы Мұстабеков университеттің әскери кафедрасына барды.

Сапар барысында ол кафедраның оқу-материалдық базасымен, оқу үдерісінің ұйымдастырылуымен, сондай-ақ білім алушыларды даярлау жағдайларымен танысты. Білім беру сапасына, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуіне және оқу үдерісінің әскери дайындық талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударылды.

Сапар қорытындысы бойынша әскери кафедраның қызметіне оң баға берілді. Сондай-ақ оқу-тәрбие үдерісін одан әрі жетілдіру және материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша басым бағыттар айқындалды.

Сапар соңында кафедраны дамыту перспективалары талқыланып, білім беру үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізу және запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау тиімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.