Инклюзивті білім беру
Инклюзивті қолдау орталығы Халықаралық білім беру корпорациясында (ХБК) мүмкіндігі шектеулі жандарға (бұдан әрі – МШЖ) кедергісіз ортада білім алуға және дамуға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім беру – адамның физикалық, әлеуметтік, тілдік, зияткерлік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, ХБК-де білім алу мүмкіндігі ұсынылатын оқыту формасы.
Студенттердің тұрмыстық, бейімделу және әлеуметтік мәселелерін шешуде қолдау көрсету.
Оқу үшін жайлы жағдайлар жасау және студенттердің жеке әлеуетін дамыту.
Барлық студенттер үшін инклюзивті орта мен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
IPR SMART, EBSCO сияқты оқу материалдары және онлайн-ресурстар (https://www.iprbookshop.ru/) нашар көретін студенттерге бейімделген. Біз мәтінді жақсы оқуға мүмкіндік беретін экрандық оқытқыштар, арнайы қаріптер сияқты технологияларды пайдаланамыз.
Оқу аудиториялары үлкейту және контрастты күшейту функциялары бар интерактивті панельдер және проекторлармен жабдықталған. Бұл нашар көретін студенттердің визуалды ақпаратты қабылдауын жеңілдетеді.
Студенттерге қолжетімділік технологияларын пайдалану бойынша оқыту жүргізіледі және мамандардан кеңес алу мүмкіндігі ұсынылады (03.01.2025 ж. Көру және есту қабілеті бұзылғандарға арналған кітапханамен жасалған Меморандум).
Оқу мүмкіндіктері шектеулі студенттер үшін арнайы академиялық қолдау көрсетіледі.
Барлық студенттерге арналған цифрлық дерекқорларда кіріктірілген қолжетімділік жүйелері бар.
Мысалдар:
Біздің жоғары оқу орнымызда инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыруға ұмтыламыз. Соның маңызды бағыттарының бірі – компьютерлік қолжетімділік жүйелерін енгізу.
Инклюзивті білім беруді іске асыру мақсатында Инклюзивті қолдау орталығы университеттің бөлімдері және құрылымдық бөлімшелерімен тығыз ынтымақтасады:
Университеттің цифрлық ресурстарының (ресми сайт, iPortal және т.б.) МШЖ үшін қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
МШЖ-нің білім беру ортасына бейімделуін және оқу іс-шараларына белсенді қатысуын қамтамасыз етеді (Бас оқу корпусы, 222-кабинет).
Студенттерге академиялық, жеке және эмоциялық мәселелер бойынша қолдау көрсету мақсатында академияда психологиялық қызмет кабинеті жұмыс істейді.