12.10.26

«Типологиядан сәулеттік композицияға дейін: жобалау тәжірибесі» дәрісі

2026 жылғы 2 қазанда «Сәулет-қала құрылысы типологиясы» пәні аясында Сәулет мектебінің Градо 23-18 және Градо 23-34 топтарының студенттеріне арналған «Типологиядан сәулеттік композицияға дейін: жобалау тәжірибесі» тақырыбында дәріс өтті.

Дәрісті «Satikov A.» жобалау бюросының жетекшісі Сатиков Айдын Манатпекович өткізді. Дәріс барысында студенттер ғимараттардың сәулеттік типологиясының ерекшеліктерімен, негізгі композициялық тәсілдермен, сондай-ақ сәулеттік және қала құрылысы нысандарын жобалау қағидаларымен танысты.

Лектор студенттерге сызбалар альбомдарын, орындалған жобалар мен авторлық эскиздерді ұсынып, жобалау саласындағы практикалық тәжірибесімен және сәулеттік шешімдерді қалыптастыру ерекшеліктерімен бөлісті.

Дәріс барысында жер бедерін, қоршаған ортаны және қалалық аумақтың ерекшеліктерін ескере отырып жобалауға ерекше назар аударылды. Дәріс студенттердің кәсіби білімдерін кеңейтіп, теориялық негіздер мен сәулеттік жобалаудың практикалық байланысын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.