29.05.26

Қысқа мерзімде жаңа мамандықты меңгеру: reskilling және upskilling мүмкіндіктері

Еңбек нарығындағы қарқынды өзгерістер мен цифрлық технологиялардың дамуы жағдайында жаңа дағдыларды жылдам меңгеруге және кәсіби құзыреттерді арттыруға мүмкіндік беретін reskilling және upskilling бағдарламалары ерекше маңызға ие болуда.

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) қосымша білім беру мен кәсіби даярлаудың заманауи форматтарын белсенді түрде дамытып келеді. Университет студенттері үшін білімдерін кеңейтуге және қосымша цифрлық құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін халықаралық Coursera онлайн-курстары қолжетімді.

Мамандар мен индустрия өкілдері үшін Қосымша білім беру орталығы базасында сәулет, құрылыс, дизайн, инженерия және заманауи технологиялар бағыттары бойынша біліктілікті арттыру бағдарламалары жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, ХБК (KazGASA) базасында құрылыс, инженерия, мониторинг және цифрлық модельдеу салаларында сұранысқа ие дрондарды басқару бойынша тәжірибеге бағытталған курстар дамытылуда.