16.10.26

Профессор-оқытушылар құрамы арасында Erasmus+ International Credit Mobility (KA171) академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға арналған конкурс

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) 2026–2027 оқу жылының екінші семестрінде Sapienza University of Rome (Италия) университетінде оқытушылық қызмет бойынша академиялық ұтқырлықтан өту үшін профессор-оқытушылар құрамы арасында Erasmus+ International Credit Mobility (KA171) бағдарламасы аясында конкурс жариялайды.

 

Академиялық ұтқырлықты жүзеге асыру кезеңі: 2027 жылғы ақпан – шілде.

Болу ұзақтығы: 10 күн.

 

Бөлінген орындар саны – 3:

— Сәулет мектебі (ША) – 1 орын;

— Дизайн мектебі (ШД) – 1 орын;

— Құрылыс мектебі (ШС) – 1 орын.

 

Қажетті құжаттар:

— Паспорттың көшірмесі;

— Ағылшын тіліндегі түйіндеме (CV);

— Мотивациялық хат;

— Оқытушылық қызметтің алдын ала бағдарламасы (Teaching Mobility Agreement);

— Ғылыми жарияланымдар тізімі;

— Ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (бар болған жағдайда).

 

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 19 қазан.

 

Құжаттарды қабылдау және кеңес беру орны: Халықаралық бөлім, № 400 кабинет.

 

Маңызды ақпарат

Ішкі конкурстық іріктеуден сәтті өту гранттың берілуіне немесе кандидатураның түпкілікті мақұлдануына кепілдік бермейді. Ішкі конкурс нәтижелері бойынша KazGASA іріктелген кандидаттарды Erasmus+ KA171 бағдарламасына қатысу үшін ұсынады.

 

Грант бөлу және кандидаттарды қабылдау туралы түпкілікті шешімді ұсынылған өтінімдерді қарау нәтижесінде Sapienza University of Rome университеті қабылдайды.