2026 жылғы 12 тамызда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Тұрғын және қоғамдық ғимараттар сәулеті кафедрасының сеньор-лекторы Сакен Альжаханович Жуматаевқа «Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі» құрметті атағын табыстау рәсімі өтті.
Құрметті атақты Қазақстан Жобалаушылар одағының өкілі Бисарова Мюаш Аймухамбетовна табыстады. Рәсімге ХБК (KazGASA) ректоры Бахтияр Асылбайулы Сабденалиев қатысты.
Құрметті атақтың берілуі Сакен Альжаханович Жуматаевтың сәулет саласын дамытуға қосқан кәсіби үлесі мен сәулет және білім беру саласындағы көпжылдық қызметінің мойындалуы болды.
ХБК (KazGASA) үшін бұл оқиға профессор-оқытушылар құрамының жоғары кәсіби деңгейін және университет оқытушыларының отандық сәулетті дамытуға қосқан үлесін айқындайтын маңызды жетістік болып табылады.
ХБК (KazGASA) Сакен Альжаханович Жуматаевты лайықты марапатымен құттықтап, сәулет және білім беру саласындағы кәсіби қызметіне табыс, жаңа жетістіктер мен шығармашылық жеміс тілейді.