2026 жылғы 19 мамырда Халықаралық білім беру корпорациясына (KazGASA) Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігінің өкілдері — Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшісі Sally Jane Axworthy және жаңадан тағайындалған сауда және инвестициялар жөніндегі директор Eva Shevchik келді.
Сапар аясында қонақтарға ХБК (KazGASA & KAU) кампусы бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды. Делегация университет мұражайын, Ololo креативті хабын, мамандандырылған зертханалар мен оқу кеңістіктерін аралады. Сонымен қатар қонақтарға Charterhouse Almaty мектебінің құрылыс барысы таныстырылып, мектептің даму стратегиясы ұсынылды.
Елшілік өкілдеріне ХБК қызметі, білім беру бағдарламалары, халықаралық бастамалар, университет инфрақұрылымы және сәулет, дизайн, құрылыс, инженерия және цифрлық технологиялар саласындағы мамандарды даярлаудың заманауи тәсілдері туралы ақпарат берілді.
Сапар барысында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, академиялық ортаны нығайтуға және практикаға бағытталған оқыту мен индустриямен өзара іс-қимылға негізделген заманауи білім беру кеңістіктерін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу ХБК-ның халықаралық байланыстарын нығайту, серіктестік қатынастарды дамыту және университетті халықаралық деңгейде ілгерілету жолындағы маңызды қадам болды.