26.06.26

ХБК-да «Жаңа Конституция: қоғам, білім және ғылым дамуының жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті

ХБК-да «Жаңа Конституция: қоғам, білім және ғылым дамуының жаңа кезеңі» атты дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 26 маусымда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) «Жаңа Конституция: қоғам, білім және ғылым дамуының жаңа кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Іс-шараға академиялық қауымдастықтың, ғылыми ұйымдардың, сарапшылардың, оқытушылар мен студенттердің өкілдері қатысып, конституциялық реформаларды іске асыру, білім мен ғылымды дамыту, сондай-ақ Конституцияның құқықтық мемлекетті нығайтудағы рөлі талқыланды.

Дөңгелек үстел барысында жоғары білім мен ғылымды дамыту, академиялық құндылықтарды нығайту және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар қатысушылар конституциялық өзгерістердің сәулет-құрылыс саласы мен қоғамның басқа да салаларының дамуына ықпалын талқылады.

Іс-шара соңында ашық пікірталас өтіп, қатысушылар өзара пікір алмасып, Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясы аясында білім, ғылым және қоғамды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.