30.04.26

ХБК-да UNESCO Meeting өтті

2026 жылғы 30 сәуірде Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) UNESCO Meeting аясында Сәулет мектебінің ЮНЕСКО кафедрасының студенттермен кездесуі өтті.

Іс-шара білім алушыларды «6В07314 Тарихи-мәдени мұраны сақтау» білім беру бағдарламасымен және кафедра қызметімен таныстыруға бағытталды.

ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Глаудинова Мехрибану Бекримжановна кафедраның негізгі қызмет бағыттарын таныстырып, білім беру бағдарламасының ерекшеліктері, ғылыми қызмет және студенттердің кәсіби дамуына арналған мүмкіндіктер туралы баяндады.

Кездесу барысында қатысушылар бағдарлама туралы толық ақпарат алып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әрі қарайғы оқу перспективаларын талқылады.