26.05.26

ХБК-да физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Константин Новосёловпен кездесу өтті

2026 жылғы 26 мамырда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) студенттер мен оқытушылардың физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, әлемге әйгілі ғалым Константин Новосёловпен кездесуі өтті.

Константин Новосёлов графенді зерттеуге қосқан зор үлесі үшін халықаралық деңгейде танымал болды. Графен — заманауи ғылым мен технологияның дамуына жаңа мүмкіндіктер ашқан инновациялық материал.

Кездесу барысында ғалым графеннің қасиеттері, құрылымының ерекшеліктері және оны электроника, энергетика, медицина және инженерлік технологиялар сияқты түрлі салаларда қолдану перспективалары туралы айтты. Сондай-ақ материалтанудың дамуы, ғылыми зерттеулер және болашақ технологиялық дамуындағы инновациялардың рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, әлемдік деңгейдегі ғалыммен ашық диалогқа қатысу мүмкіндігіне ие болды. Талқылау барысында заманауи ғылым, пәнаралық зерттеулер, технологиялардың дамуы және жаңа буын мамандарын даярлау тақырыптары қозғалды.

Осындай кездесулер ғылыми ортаның дамуына, студенттердің академиялық көкжиегін кеңейтуге және ғылым мен білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.