19.05.26

ХБК-да этно-ауылға арналған ең үздік шағын сәулет нысаны байқауының қорытындысы шығарылды

2026 жылғы 19 мамырда Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) қалалық зерттеулер зертханасында көшпенділер ауылы — этно-ауылға арналған ең үздік шағын сәулет нысаны байқауының қорытындысы шығарылды.

Байқау Сәулет мектебінің студенттері арасында ұйымдастырылып, қоршаған ортамен үйлесімді ықпалдасқан және көшпенді халықтардың мәдени мұрасын бейнелейтін шағын сәулет нысандарын әзірлеуге бағытталды.

Байқау аясында қатысушылар заманауи сәулеттік тәсілдерді, функционалдылықты және ұлттық бірегейлік элементтерін біріктіретін авторлық жобаларын ұсынды. Нысандардың табиғи ландшафтпен үйлесімді байланысына және жобаның этномәдени мазмұнын сақтауға ерекше назар аударылды.

Байқау жұмыстарын бағалау нәтижесінде демеуші тарапынан үш жүлделі орын анықталды. Жеңімпаздар қатарында ең мазмұнды әрі концептуалды жобаларды ұсынған Сәулет мектебінің 1, 2 және 4 курс студенттері атанды.

Іс-шара барысында қатысушыларды марапаттау рәсімі және серіктестер мен ұйымдастырушыларға арналған жобалардың презентациясы өтті. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен имидждік өнімдер табысталды.