2026 жылғы 2-3 мамырда Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) Баку қаласында (Әзербайжан) өткен Study in Kazakhstan халықаралық білім беру көрмесіне қатысты.
Көрме аясында ХБК (KazGASA) өкілдері оқу орнының білім беру бағдарламаларын таныстырып, қабылдау үдерісі, оқу мүмкіндіктері және шетелдік талапкерлерге арналған академиялық ұтқырлық туралы жан-жақты ақпарат берді. Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және шетелдік студенттерді тартуға ерекше назар аударылды.
Делегацияның мақтанышы — Бакуде академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша білім алып жүрген ХБК (KazGASA) студенттерінің қатысуы болды. Олар көрме барысында стенд жұмысына белсенді қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп, университет пен болашақ талапкерлер арасындағы маңызды байланысты қамтамасыз етті.
Мұндай бастамаларға қатысу ХБК (KazGASA) халықаралық деңгейдегі беделін нығайтып, академиялық ұтқырлық пен серіктестік байланыстарды дамытуға ықпал етеді.