2026 жылғы 8 қыркүйекте Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Әмірлан Айдарбекұлы Құсайынов атындағы Қордың тегін білім алуға арналған сертификаттары мен гранттарын табыстау рәсімі алғаш рет өтті. Іс-шараға Қор өкілдері, университет басшылығы, Қамқоршылық кеңес мүшелері, грант иегерлері және олардың ата-аналары қатысты.
Рәсім барысында iQanat, Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) және KazGASA мектебінің түлектеріне білім гранттары табысталып, оларға университетте тегін білім алуға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар спортта жоғары нәтижелерге қол жеткізген студенттерге спорттық гранттар табысталды.
Рәсім Қор гранттарының ХБК-да (KazGASA) алғаш рет табысталуымен ерекшеленіп, дарынды жастарды қолдауға, жоғары білім алуға мүмкіндіктерді кеңейтуге және студенттердің академиялық әрі спорттық әлеуетін дамытуға бағытталды.
Рәсімнен кейін KazGASA Қамқоршылық кеңесінің отырысы өтіп, онда университетті дамытудың өзекті мәселелері мен алдағы жұмыстың негізгі бағыттары қаралды.
Гранттарды табыстау рәсімі мен Қамқоршылық кеңесінің отырысын өткізу жастарды қолдауға, білім алу мүмкіндіктерін дамытуға және ХБК (KazGASA) мен серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болды.