2026 жылғы 8 сәуірде Халықаралық білім беру корпорациясына (KazGASA) Әзербайжан сәулет-құрылыс университетінің (AZMIU) делегациясы келді. Сапар танысу және ресми кездесу сипатында өтіп, екі жоғары оқу орны арасындағы академиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.
Бұған дейін ХБК (KazGASA) пен AZMIU арасында студенттердің академиялық ұтқырлығын кеңейтуді және бірлескен білім беру бастамаларын дамытуды көздейтін қос дипломды білім беру бағдарламасын іске асыру туралы келісімге қол қойылған болатын. Кездесу барысында тараптар алдағы ынтымақтастық перспективаларын талқылап, сәулет-құрылыс білімі саласындағы тәжірибелерімен алмасты және серіктестікті тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.
Ынтымақтастықты нығайту белгісі ретінде естелік сыйлықтармен алмасу рәсімі өтті. AZMIU ректоры Гюльчохра Маммедоваға KazGASA-ның 45 жылдығына арналған мерейтойлық медаль табысталды.
Аталған сапар ХБК (KazGASA) халықаралық байланыстарын дамыту және шетелдік жетекші профильдік университеттермен ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы кезекті қадам болды.