27.10.26

Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA)  проректоры Қытайдағы CEIC 2026 конгресі мен NIDA саммитіне қатысты

Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, профессор Нұрхат Жәкиев халықаралық делегация құрамында Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өткен Тұтынушылық электроника инновациялары конгресіне (CEIC 2026) және Желілік инновациялар мен даму альянсының (NIDA) саммитіне қатысты.

Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) кампустарды интеллектуалды мониторингтеу технологияларына арналған WLAN Intelligent Sensing Campus Technology and Application Research Report зерттеу есебінің бірлескен авторларының бірі болды. Құжатта ақылды әрі энергия тиімді білім беру ортасын құруға арналған шешімдер ұсынылған.

Сапар аясында делегация Huawei компаниясының ғылыми-зерттеу кампусына барып, білім беру саласында қолданылатын инновациялық технологиялармен танысты.

Сондай-ақ профессор Нұрхат Жәкиев Цинхуа университетінің Шэньчжэнь халықаралық жоғары мектебіненде  (Tsinghua SIGS) кездесу өткізіп, тараптар тұрақты қалалар, цифрлық егіздер, жасыл энергетика және академиялық ұтқырлық бағыттарындағы бірлескен зерттеулердің перспективаларын талқылады.