2026 жылғы 3 наурыз бен 8 сәуір аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) академияның 45 жылдығына орай GAUDI paint компаниясымен және ХБК (KazGASA) Дизайн мектебімен бірлесіп GAUDI Design Contest мамандандырылған аудитория интерьерін жобалау байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты — үздік сәулет-дизайн шешімдерін анықтау, студенттердің тәжірибеге бағытталған білімін дамыту және ХБК (KazGASA) базасында заманауи брендтелген оқу аудиториясын құру болды.
2026 жылғы 8 сәуірде университетте байқаудың финалдық кезеңі өтіп, көрме ұйымдастырылып, жобалар қорғалып, қорытындылар шығарылды.
Байқауға «Өнеркәсіптік және сәулеттік дизайн» бағытындағы студенттер қатысып, мамандандырылған аудиторияның (504 аудитория) интерьер жобаларын ұсынды. Барлығы 24 өтінім келіп түсіп, финалға 12 жоба өтті.
Қатысушылардың жұмыстары концепциялардың әртүрлілігімен, заманауи жобалау тәсілдерімен және практикалық іске асыруға бағытталуымен ерекшеленді. Бағалау кезінде техникалық тапсырмаға сәйкестік, идеяның бірегейлігі, кеңістіктің функционалдығы мен эргономикасы, сондай-ақ GAUDI paint өнімдерін тиімді қолдану басты назарға алынды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар анықталды:
- 1 орын — Исянова Асалия, Сатыбалдиева Жанель (ПД-22-15) — 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат
- 2 орын — Ибрагимова Меруерт, Нурланова Амина, Сакенова Аружан, Асылбек Аружан, Ертаева Дина, Жаксыбаева Жанель (АД-23-1) — 75 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат
- 3 орын — Рапильбеков Райымбек, Уразова Алуа (АД-22-3) — 50 000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификат
Барлық қатысушылар 30 000 теңге көлемінде ақшалай ынталандырумен марапатталды, ал жеңімпаздарға дипломдар мен серіктес тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды.
Үздік жоба әрі қарай іске асыруға ұсынылды. Ынтымақтастық аясында GAUDI paint компаниясы жеңімпаз жобалар негізінде оқу аудиториясын жабдықтау, жиһаз дайындау және брендтеу жұмыстарын жоспарлап отыр.
Сонымен қатар GAUDI paint компаниясының студенттік бастамаларды қолдаудағы үлесі атап өтілді: компания «Студенттік көктем» фестивалінің серіктесі болып, «Көрермен көзайымы» номинациясы үшін 200 000 теңге көлемінде сыйақы ұсынды.
Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) байқау сарапшылары мен серіктестеріне — Толеуханова Елена Владимировнаға, Гульшат Еркеновнаға және Джандарбеков Алибек Ырыскелдиевичке — кәсіби сараптамасы мен қолдауы үшін алғыс білдіреді.
Сондай-ақ GAUDI paint компаниясының бас директоры Курманалин Жақсылық Нұртасұлына көрсеткен қолдауы мен белсенді қатысуы үшін ерекше ризашылық білдіреміз.
Жоба ұйымдастырушылары мен оқытушылары — Иманбаева Ж.А., Узакбаев Т.К. және Лау Л.Ч. — байқауды ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз.
Байқаудың өткізілуі білім мен индустрияны ықпалдастыруда және ХБК (KazGASA) заманауи білім беру ортасын дамытуда маңызды кезең болды.