18.11.25

«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» атағын беру бойынша I ішкі кезеңнің қорытындылары

«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» атағын беру бойынша ішкіуниверситеттік кезең 3–18 қараша аралығында өтті. Конкурс аясында эксперттік топ үміткерлердің кәсіби жетістіктерін жан-жақты бағалап, олардың сандық және сапалық көрсеткіштерін, анкеталау нәтижелерін, сондай-ақ ғылыми-педагогикалық белсенділігін талдады. Материалдарды кешенді қарастыру нәтижесінде конкурстың жоғары талаптарына толық сәйкес келетін ең лайықты үміткерлер анықталды. Эксперттік топтың қорытындысына сәйкес, ішкіуниверситеттік кезеңнің нәтижелері бойынша 5 үміткер Республикалық конкурсқа қатысуға ұсынылды.