19.02.26

University of Portsmouth делегациясы ХБК-ға ресми сапармен келді

2026 жылғы 19 ақпанда Халықаралық білім беру корпорациясына (KazGASA) Ұлыбританияның жетекші жоғары оқу орындарының бірі — University of Portsmouth делегациясы ресми сапармен келді. Делегацияны университеттің жаһандық кеңсесінің директоры (Director of UoP Global) Эмма Пейн ханым басқарды.

Сапардың мақсаты университеттер арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты талқылау, қос диплом бағдарламаларын іске асыру перспективаларын қарастыру, сондай-ақ академиялық ұтқырлықты дамыту болды.

Кездесу барысында тараптар білім беру бағдарламаларын интернационалдандыру, студенттер алмасуын кеңейту, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және халықаралық бастамаларды дамыту мәселелерін қарастырды. Сонымен қатар білім сапасын арттыру және халықаралық стандарттарды білім беру үдерісіне енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сапар аясында қонақтарға ХБК (KazGASA) кампусы бойынша экскурсия ұйымдастырылып, оқу корпустары, зертханалар және креативті кеңістіктер таныстырылды. Кездесу екіжақты серіктестікті одан әрі нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілікті растады.