Халықаралық білім беру корпорациясында студенттік өмір оқу процесімен шектелмейді. Университет шетелдік студенттердің жеке және кәсіби дамуы үшін қолайлы орта қалыптастырады, олардың көшбасшылық, шығармашылық және әлеуметтік дағдыларын жетілдіруге жағдай жасайды.
Білімге бағытталған, бастамашыл, ұжымда жұмыс істей алатын, болашақ лидерлерді тәрбиелеу.
Шетелдік студенттерге жатақханаға орналастыру рәсімі жалпы талаптар негізінде жүргізіледі және адаптациялық қызмет тарапынан толық қолдау көрсетіледі.
Оқуға қабылдау кезінде құжаттарды тапсырғаннан кейін студент app.mok.kz платформасы арқылы жатақханаға онлайн-өтінім бере алады.
Қажетті құжаттар: паспорт, ордер, 3×4 форматындағы фотосурет.
Әрбір оқу жылы ХБК-нің корпоративтік мәдениетін қалыптастыруға және студенттердің белсенділігін арттыруға бағытталған ауқымды іс-шаралармен толықтырылып отырады. Солардың ішіндегі маңызды бағдарламалар:
шетелдік студенттердің бейімдеу күні; кампус инфрақұрылымымен, университеттік сервистермен және студенттік ұйымдармен таныстыру.
жаңа оқу жылын қарсы алу, студенттік ұйымдар жәрмеңкесі.
бірінші курс студенттеріне арналған салтанатты рәсім.
факультетаралық КВН сайысы.
дәстүрлі қысқы бал.
спорттық жарыстар
студенттер мен оқытушылардың шығармашылық қабілеттерін таныстыратын концерттік бағдарлама.
дәстүрлі сұлулық және дарын байқауы.
студенттердің өнер және шығармашылық фестивалі.
Сонымен қатар шетелдік студенттерге виза, тіркеу, тұру және басқа да әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер бойынша ақпарат беруді қамтитын қосымша бейімдеу бағдарламалары ұсынылады.
Университет студенттердің қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту мақсатында әртүрлі бағыттағы клубтар мен қауымдастықтарды ұсынады. Барлық ұйымдар шетелдік студенттер үшін ашық.
Шетелдік студенттердің әлеуметтік, мәдени және академиялық бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында ХБК-де жан-жақты қолдау жүйесі жұмыс істейді.
Әлеуметтік даму департаменті (ӘДД) студенттік ұйымдардың жұмысын үйлестіреді, іс-шараларды ұйымдастырады және студенттердің бастамаларын қолдайды.