Психологиялық қызмет

Мақсаты, міндеттері және құрылымы

Психологиялық қызметтің мақсаты – білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, білім беру ұйымында қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал қалыптастыру және білім беру үдерісінің қатысушыларына психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызметтің құрылымы ұйымның түрі, қажеттіліктері және штат бірліктерінің санына байланысты анықталады.
Психологиялық қызмет арнайы жабдықталған жеке психологиялық жеңілдеу кабинетінде жұмыс істейді. Бұл кабинет әлеуметтік-психологиялық кеңес беру, диагностика, түзету-дамыту және профилактикалық жұмыстарды топтық және жеке форматта жүргізуге арналған.

Психологиялық қызметтің қызметі мен мазмұны

Оқытушылар ұжымына психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша көмек көрсету.

Психодиагностикалық мәліметтерді жинау, талдау және интерпретациялау.

Оқу, даму және әлеуметтік бейімделу мәселелерінің себептері мен механизмдерін анықтау.

Қажетті дағдыларды дамыту және психологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында әлеуметтік-психологиялық топтық іс-шаралар өткізу.

Ағартушылық және профилактикалық жұмыс

Түзету-дамыту жұмыстары

Психодиагностикалық қызмет

Кеңес беру қызметі

Оқу барысында кездесетін қиындықтарды жеңуге көмек

Эмоционалды-ерік саласындағы мәселелерді шешу

Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Барлық білім алушыларды өзін-өзі диагностика, түзету, бақылау және дамыту әдістеріне үйрету

Құндылықтар мен өмірлік басымдықтарды қалыптастыру, психологиялық және физикалық денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын ұстану және өзін-өзі жүзеге асыруға бағыттау

Студенттің жеке дамуына ықпал ету, оның даралығын сақтау үшін психолог пен оқытушылардың бірлескен жұмысын ұйымдастыру

«Тәуекел тобындағы» студенттер мен ішкіуниверситеттік есепте тұрған білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету

Команда

Қабдығали Шынар Берікқанқызы

Нұрғалиева Ұлмекен Сатымқызы

Байгонысова Динара Балабатыровна

Байланыс

Балалар мен жастарға арналған ұлттық сенім телефоны — 150
Отбасы, әйелдер және балалар мәселелері бойынша бірыңғай сенім телефоны — 111

Немесе кері байланыс формасын толтырыңыз, біз сізбен жақын арада хабарласамыз.

Қабдығали Шынар Берікқанқызы

📞 Телефон: 8 707 355 4171
✉️ Электрондық пошта: psycenter@kazgasa.kz

🧠 Терапия әдістері

  • Когнитивті-мінез-құлықтық терапия
  • Арт-терапия
  • МАК-карталар

👩‍💼 Өзім туралы

ХБК «Психологиялық қызметінің» психологы.
6 жылдық тәжірибесі бар практикалық психолог, соның ішінде соңғы 3 жылы — ХБК.
Қазақ және орыс тілдерінде жеке кеңес беру және топтық тренингтер өткіземін.
Жұмысымның негізгі қағидалары — құпиялылық, сенімділік және клиентке ұқыпты көзқарас.

🎓 Білімі

2015–2019 — ҚазГЮИУ, Семей қ.
Бакалавр, мамандығы: Педагогика және психология

📚 Біліктілікті арттыру

2019 — «Sana», Астана қ.
• Кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу немесе суицидентті қалай тоқтату керек
2020 — «Sana», Астана қ.
• Өміршеңдік: күйзеліс жағдайында күресу стратегиялары
2024 — «Сана» ШҚО жастар қоғамдық бірлестігі, Алматы қ.
• «Өмір – бізде бар ең қымбат нәрсе» (оқыту курсы)
2024–2025 — Валентина Жұмадилова психотерапия институты – Сергей Скляр психотерапия орталығы
• «Суицидалды мінез-құлықтың превенциясы және поственциясы»

💬 Мамандану / Жұмыс бағыттары

  • Өзін-өзі бағалаудың төмендігі
  • Эмоциялық күйіп кету
  • Өзіне сенімсіздік
  • Жеке шекаралардың бұзылуы
  • Тұлғалық даму
  • Уайым, үрей
  • Қорқыныштар
  • Өзіңмен және айналаңмен қарым-қатынасты жақсарту
  • Негативті ойлар
  • Дағдарыс сәттерінде және эмоционалды қиындықтар кезінде қолдау

Нұрғалиева Ұлмекен Сатымқызы

✉️ Электрондық пошта: psycenter@kazgasa.kz

🧠 Терапия әдістері

  • Психоанализ
  • Когнитивті-мінез-құлықтық терапия

👩‍💼 Өзім туралы

«Психологиялық қызмет» ХБК  психолог-кеңесшісі.
Психология ғылымдарының кандидаты, ҚР БҒМ доценті, профессор м.а.
Практикалық психолог ретінде көпжылдық тәжірибем бар.
Жеке кеңес беру және топтық тренингтерді қазақ және орыс тілдерінде өткіземін.
Жұмысымның негізгі қағидаттары — құпиялылық пен эмпатия.

🎓 Білімі

1983–1987 — ҚазҰҚПУ
Педагогика және психология мамандығы (үздік диплом).

2000–2003 — Абай атындағы ҚазҰПУ, аспирантура
Мамандығы: 19.00.07 – Педагогикалық психология

2007–2010 — Абай атындағы ҚазҰПУ, докторантура
Мамандығы: 19.00.07 – Педагогикалық психология

📚 Біліктілікті арттыру

2021 — Абай атындағы ҚазҰПУ

  • «Коучинг, менторинг үдерістерін басқару және заманауи мектептегі электронды тьюторлықты ұйымдастыру»

2022 — Абай атындағы ҚазҰПУ

  • «Білім беру ұйымын басқару»

2024 — Абай атындағы ҚазҰПУ

  • «Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды педагогикалық-психологиялық қолдау жұмысын ұйымдастыру»

💬 Мамандануы / Жұмыс бағыттары

  • Эмоциялық тұрақсыздық
  • Тұлғалық шекаралардың бұзылуы
  • Мазасыздық пен агрессия
  • Қорқыныштар
  • Диагностикалау және түзету
  • Теріс нанымдар мен сенімдер
  • Дағдарыстық жағдайлармен жұмыс

Байгонысова Динара Балабатыровна

📞 Телефон: 8 707 20 88 724

✉️ Электрондық пошта: psycenter@kazgasa.kz

 

🧠 Терапия әдістері

  • Когнитивті мінез-құлық терапиясы
  • Арт-терапия
  • Гештальт терапиясы

 

👩‍💼 Өзім туралы

«Психологиялық қызмет» Халықаралық Білім беру Корпорация психологы.

13 жылдық тәжірибесі бар практикалық психолог. Жеке консультациялар мен топтық тренингтерді қазақ және орыс тілдерінде жүргіземін.

Менің жұмысымның негізгі қағидалары – құпиялылық, сенімділік, клиентке деген қамқорлық.

 

🎓 Білім

2005–2009 — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ,

Бакалавр, мамандығы: Педагогика және психология

 

📚 Біліктілікті арттыру / Қосымша оқыту

2018 – НАО «Холдинг «Кәсіпқор» Кәсіби білім беру орталығы, 72 сағат

  • «ТиПО ұйымдарында инклюзивті оқыту процесінің негізгі аспектілері мен шарттары»

2020 – TALAP, 72 сағат

  • «ТиПО ұйымдарында инклюзивті оқыту процесінің негізгі аспектілері мен шарттары»

2022 — SKLAD ОНЛАЙН БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫ

  • «Инклюзивті кәсіптік білім беру: заманауи тәсілдер», 72 сағат

2023 — ЖШС Оқу орталығы «Орлеу-РК»

  • «Буллинг – себептері, түрлері, алдын алу», 8 сағат

2023 – АОО «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Педагогикалық шеберлік орталығы

  • «Колледж оқушыларына психолого-педагогикалық сүйемелдеу», 72 сағат
  • «Оқушылардың практикалық психология негіздері»
  • «Психологиялық кеңес беруде коучинг»
  • «Буллинг және қиын өмірлік жағдайларда дағдарыстық көмек»
  • «Медиация»

 

💬 Мамандылығы / Жұмыс бағыттары

  • Өзін-өзі бағалауының төмендігі
  • Эмоциялық күйіп кету
  • Өзіне сенімсіздік
  • Жеке шекаралардың бұзылуы
  • Тұлғалық даму
  • Уайым, үрей
  • Қорқыныштар
  • Өзімен және айналаңмен қарым-қатынасты жақсарту
  • Негативті ойлар
  • Дағдарыстық жағдайлармен жұмыс