2026 жылғы 26 ақпанда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Инженерия мектебінің студенттеріне арналған қонақ дәріс-семинар өтті. Іс-шараға құрылыс және жер-кадастрлық инжиниринг саласы бойынша индустриялық комитеттің өкілі — «АЗАГ» ЖШС қатысты.
Кездесудің спикері AZAG Group компаниясының тең құрылтайшысы және стратегиялық жетекшісі Адлет Толемисов болды. Дәріс тақырыбы — «AZAG: Қазақстанның құрылыс индустриясындағы инновациялар, өндірістік технологиялар және сенімділік стандарттары».
Кездесу барысында құрылыс өндірісін ұйымдастырудың заманауи тәсілдері, инновациялық технологияларды енгізу, сапаны қамтамасыз ету және саладағы сенімділік стандарттарын сақтау мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жобаларды жүзеге асырудың практикалық тәжірибесіне және инженер-мамандарға қойылатын нарық талаптарына ерекше назар аударылды.
Ашық диалог барысында студенттер сала өкіліне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, кәсіби даму перспективаларын талқылауға және құрылыс материалдарын өндіру мен қолдану саласындағы практикалық кейстермен танысуға мүмкіндік алды.
Мұндай кездесулер университет пен кәсіби қауымдастық арасындағы байланысты нығайтуға және студенттердің заманауи құрылыс индустриясында сұранысқа ие тәжірибеге бағытталған құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.