20.11.25

Малайзия Ислам университеті делегациясы Халықаралық білім беру корпорациясына келді

2025 жылғы 20 қарашада Халықаралық білім беру корпорациясына (KazGASA) Малайзия Ислам университетінің делегациясы келді: профессор, PhD Алиас Абдулла — ХБК (KazGASA) докторанттарының ғылыми жетекшісі және PhD Фарид ибн Джафар Сидек.

Қонақтарға кампус бойынша экскурсия ұйымдастырылып, корпорацияның ғылыми-зертханалық базасы мен оқу кеңістіктері таныстырылды. Делегация ХБК (KazGASA) инфрақұрылымын жоғары бағалап, бірлескен ғылыми зерттеулер мен академиялық ынтымақтастыққа ерекше қызығушылық білдірді.

25 қарашада ХБК (KazGASA) Сәулет мектебінің студенттеріне профессор, PhD Алиас Абдулланың қонақ дәрісі өтті. Лектор Куала-Лумпурды дамытуға арналған заңнамалық жоспарлар бойынша қоғамдық тыңдауларға қатысу тәжірибесімен бөлісіп, “The Conundrum of Public Participation in Kuala Lumpur Statutory Planning Process” («Куала-Лумпурдағы мемлекетті жоспарлау процесінде қоғамдық қатысудың мәселелері») тақырыбында баяндама жасады.

Профессор Алиас Абдулла — қала құрылыстық жоспарлау саласының сарапшысы, Малайзия астанасындағы мемлекеттік бастамалар бойынша қоғамдық тыңдауларға бірнеше рет қатысқан тәжірибелі маман. Сондықтан оның дәрісі болашақ мамандар үшін аса құнды болды.