2025 жылғы 25 желтоқсанда Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) Ғылыми кеңесінің отырысы аясында KazGASA-ның 45 жылдығына орай профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және серіктестерін марапаттауға арналған салтанатты рәсім өтті.
Салтанатты іс-шара барысында көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі және академияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері төсбелгілермен марапатталды. Академияның дамуына және ынтымақтастықты нығайтуға айтарлықтай үлес қосқан серіктестерге «Құрметті профессор» атағы берілді.
Марапаттар мен құрметті атақтар өз ісіне адалдықтың, белсенді кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызметтің, сондай-ақ Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) қалыптасуы мен одан әрі дамуына қосқан айрықша үлестің лайықты мойындалуы болды.