26.11.25

ХБК-та Калдыбай Монтахаев атындағы кабинет ашылды

2025 жылғы 26 қарашада Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) Сәулет мектебінде Қазақстанның көрнекті сәулетшісі, КСРО халық сәулетшісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген сәулетшісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Калдыбай Жумагалиевич Монтахаевтың аты берілген оқу аудиториясының салтанатты ашылуы өтті.

Ашылу рәсімін ХБК Сәулет мектебінің деканы Манас Игенович Хасенов жүргізді. Іс-шараға аудиторияны жабдықтауға демеушілік көрсеткен «КазГОР» жобалау академиясы мен «Алматыгипрогор» АҚ өкілдері, сондай-ақ сәулетшінің жұбайы — Жібек Рамазанқызы қатысты. Қатысушылар бұл оқиғаның маңызын атап өтіп, Калдыбай Монтахаевтың отандық сәулет өнеріне қосқан зор үлесін ерекше бағалады.

Калдыбай Монтахаев — қазақстандық сәулет тарихындағы ең ірі тұлғалардың бірі. Оның шығармашылығы ұлттық айдентика, батыл шешімдер және терең көркемдік мазмұнмен ерекшеленеді. Жас кезінен-ақ ол жаңашыл әрі тәжірибеден қорықпайтын шебер ретінде танылып, Алматы мен Астананың сәулеттік келбетін қалыптастыруға үлкен үлес қосты.

ХБК (KazGASA) қабырғасында Калдыбай Монтахаев атындағы аудиторияның ашылуы — ұлы сәулетшінің есімін есте қалдыруға және жас буынға шабыт беруге бағытталған маңызды қадам. Оның мұрасы шәкірттері мен ізбасарларының еңбектерінде өмір сүруде.

Сәулет мектебінде кеңестік және қазақстандық көрнекті сәулетшілердің есімдерін ұлықтау жұмыстары, именной аудиториялар ашу бастамасы алдағы уақытта да жалғасатын болады.