06.12.25

ХБК студенттері IT Fest 2025 фестивалінің жеңімпаздары атанды

5-6 желтоқсан 2025 жылы Алматыда IT, инновациялар және креативті технологиялар саласындағы еліміздегі ірі жастар фестивальдерінің бірі — IT Fest 2025 өтті. Іс-шара Қазақстан жоғары оқу орындары Альянсының ұйымдастыруымен, NNEF Қоғамдық қорының қолдауымен және AI-Sana мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді.

Фестиваль мыңдаған талантты оқушылар мен студенттерді біріктіріп, жастар арасында цифрлық дағдыларды, шығармашылық және кәсіпкерлік ойлауды, жобалық мәдениетті дамытуға, сондай-ақ жасанды интеллектті танымал етуге бағытталған ауқымды платформа болды.

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) Дизайн мектебінің студенттері фестивальдің басты шығармашылық бағыттарының бірінде жеңіске жеткені туралы қуана хабарлаймыз. Курманкулова Алина, Ли Элина, Маркитанова Ильдана және Ибраим Дариядан (ГД22-11) құралған команда Design & Animation (webtoon, анимация, графикалық дизайн) номинациясында 1-орынды иеленіп, жоғары дайындық деңгейін, идеялардың бірегейлігін және жобаны жүзеге асырудағы кәсіби шеберлікті көрсетті.

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) жеңімпаздарды шын жүректен құттықтайды және алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби өсу және халықаралық әрі республикалық алаңдарда жаңа жетістіктер тілейді!