01.12.25

ХБК студенті Нұрсұлтан Назарбаев қорының шәкіртақы иегері атанды  

2025 жылдың қазан айында Нұрсұлтан Назарбаев қорының студенттік шәкіртақысы бойынша республикалық байқау жарияланды. Осы байқаудың жеңімпазы және арнайы шәкіртақы иегері ХБК құрылыс мектебінің 4-курс студенті Саттаркулова Жасмин Галымжанқызы атанғаны жайлы қуана хабарлаймыз.  

Жасминді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз және оқу мен кәсіби дамуында табыс тілейміз!