31.03.26

ХБК студенті кекушинкай каратэ бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында жүлдегер атанды

Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) Сәулет мектебінің 4 курс студенті Сүлейменқұл Данель Эрикқызы 2026 жылғы 26-28 наурыз аралығында Павлодар қаласында өткен кекушинкай каратэ бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша ол жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі 3-орынға ие болды.

Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) Данельді лайықты нәтижесімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейді.