Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жыл Халықаралық еріктілер жылы болып жарияланды. Қазақстан Республикасының бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 2026 жылды тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық еріктілер жылы деп жариялау туралы тиісті резолюция қабылдады.
Халықаралық еріктілер жылының ұлттық ашылуы аясында 2026 жылғы 30 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президентінің қатысуымен Волонтёрлік форум өтті. Іс-шара мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, волонтёрлік қозғалыстардың және елдің білім беру ұйымдарының өкілдерін біріктірді.
Алматы қаласынан 35 жоғары оқу орны арасынан форумға қатысу үшін екі студент іріктеліп алынды. Қатысушылардың бірі — ХБК (KazGASA) Құрылыс мектебінің ТПГС 23-4 бағыты бойынша білім алатын, Студенттік үкіметтің төрағасы Қуаныш Тамерлан Нсанғалиұлы.
KazGASA студенттерінің ұлттық және халықаралық деңгейдегі іс-шараларға қатысуы білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымын, ерікті қозғалысты дамытуға атсалысуын және тұрақты даму мен әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлесін айқын көрсетеді.