2025 жылғы 15-22 желтоқсан аралығында Қарағанды қаласында Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы Г. Жарылғаповтың естелігіне арналған халықаралық бокс турнирі өтті.
Аталған жарысқа Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) Архитектура мектебінің 1-курс студенті Абілқайыр Үміт Бақытжанқызы қатысты. Турнир қорытындысы бойынша Үміт жоғары дайындық деңгейін, мақсаткерлігін және нағыз спорттық мінезін көрсете отырып, құрметті 3-орынға ие болды.
Халықаралық білім беру корпорациясы Абілқайыр Үміт Бақытжанқызын сәтті өнер көрсетуімен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа спорттық жетістіктерге жетуін, мықты денсаулық пен жарқын жеңістер тілейді.