22 қараша күні Халықаралық білім беру корпорациясының ректоры Бахтияр Асылбайулы Сабденалиев DIGITAL DAY форумына қатысып, «Болашақ білім беру: бізге жоғары білім не үшін қажет және ол қандай болуы тиіс?» атты панельдік сессияда спикер ретінде сөз сөйледі.
Пікірталас барысында спикерлер жоғары білім берудің трансформациясы, университеттердің стартап-мәдениетті қалыптастырудағы рөлі, инновациялық орталықтар мен «стартаперлерге арналған гараждарды» дамыту, сондай-ақ болашақ экономикасы үшін мамандар даярлаудың заманауи тәсілдері туралы маңызды мәселелерді талқылады.
Панельдік сессияда сөйлеген сөзінде Бахтияр Асылбайулы ХБК (KazGASA) білім беру бағдарламалары мен студенттерді практикалық даярлау моделінің еңбек нарығының қазіргі талаптарына және жаһандық үрдістерге толық сәйкес келетінін атап өтті. Форумда көтерілген тақырыптар — цифрландыру, инновациялық дағдылар, кәсіпкерлік экожүйелері — бүгінгі таңда ХБК (KazGASA) студенттеріне ұсынылып отырған мүмкіндіктермен тікелей байланысты.
Панельдік сессия заманауи трендтерді талқылаудың, тәжірибе алмасудың және тез өзгеріп жатқан әлем жағдайында білім беруді дамытуға арналған жаңа тәсілдерді қалыптастырудың маңызды алаңына айналды.