Халықаралық білім корпорациясының (KazGASA) Дизайн мектебінің зерттеуші-профессоры Дина Әбілмәжінқызы Амандыкова академик Н. Базанова атындағы беделді марапатқа ие болды.
Бұл марапат ғылымның дамуына елеулі үлес қосқан, жоғары ғылыми әлеуетке ие және ғылыми қоғамдастықта кеңінен танылған жетекші әйел ғалымдарға беріледі. Лауреаттар қатарында кәсіби қызметінде айрықша жетістіктерге жеткен зерттеушілер марапатталады.
Аталған марапаттың табысталуы Дина Әбілмәжінқызының ғылыми қызметінің жоғары деңгейін, ғылыми зерттеулерді дамытуға және дизайн саласында мамандар даярлауға қосқан маңызды үлесін айқындайды.
Халықаралық білім корпорациясы (KazGASA) Дина Әбілмәжінқызы Амандыкованы және Дизайн мектебінің ұжымын лайықты марапатпен құттықтап, алдағы уақытта жаңа ғылыми жетістіктер мен маңызды зерттеу жобаларын іске асыруға тілектестік білдіреді.