2026 жылғы 18-21 наурыз аралығында Азиядағы жиһаз және интерьер шешімдері саласындағы ең ірі халықаралық көрмелердің бірі — China International Furniture Fair 2026 өтті.
Халықаралық білім беру корпорациясының (KazGASA) оқытушылары — Сәулет мектебінің қауымдастырылған профессоры Аухадиева Л.М., Дизайн мектебінің ассистент-профессорлары Лобанова А.Н. және Сатанова А.Т. Қазақстанның кәсіби қауымдастығы делегациясы құрамында университет атынан қатысты.
Төрт күнге созылған көрме аясында қазақстандық дизайнерлер, оның ішінде ХБК (KazGASA) өкілдері, іскерлік және конференциялық бағдарламаға қатысып, Қазақстандағы дизайнның қазіргі үрдістері мен дамуына арналған баяндамалар жасады.
Мұндай халықаралық іс-шараларға қатысу кәсіби байланыстарды кеңейтуге, тәжірибе алмасуға және университеттің жаһандық білім беру және кәсіби қауымдастыққа интеграциялануына ықпал етеді.