2025 жылғы 9-14 қазан аралығында Халықаралық білім корпорациясы (KazGASA) Өзбекстан Республикасының Ташкент және Самарқанд қалаларында өткен «Білім және мансап — 2025» халықаралық көрмесіне қатысты.
Көрме аясында ХБК (KazGASA) маркетинг департаментінің қызметкерлері мен студенттері шетелдік талапкерлерге арналған презентациялар мен жеке кеңестер өткізіп, қабылдау ережелері, білім беру бағдарламалары және арнайы Global Talent Scholarship шәкіртақы бағдарламасы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шараға Өзбекстан, Қазақстан, Ресей, Польша, Әзербайжан және Түркияның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, көрме халықаралық байланыстарды нығайту, тәжірибе алмасу және білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту алаңына айналды.
Осындай көрмелерге қатысу арқылы ХБК (KazGASA) халықаралық әріптестігін кеңейтіп, әлемнің түкпір-түкпірінен талантты жастарды тартуды және Қазақстанның сәулеттік және инженерлік білім беру саласындағы өңірлік орталық ретіндегі беделін нығайтуды жалғастыруда.