21.11.25

ХБК-ға (KazGASA) Charterhouse UK делегациясы келді

2025 жылдың 21 қарашасында KazGASA-ға Charterhouse UK мектебінің басшысы Алекс Петеркен және халықаралық білім беру жөніндегі директоры Карэн Девис сапармен келді. Сапар Алматыдағы жаңа флагмандық білім беру жобасы — Charterhouse Almaty мектебін іске қосуға дайындық аясында өтті.

Ұлыбританиядан келген қонақтар KazGASA зертханалары, оқу аудиториялары мен инфрақұрылымымен жан-жақты танысты. Сапар барысында делегация Халықаралық білім беру корпорациясының Бақылау кеңесінің төрағасы Айгазы Кусаиновпен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуде әрі қарайғы ынтымақтастық мүмкіндіктері, бірлескен білім беру бастамалары және оқыту сапасын арттыруға және халықаралық стандарттарды білім беру процесіне енгізуге бағытталған жобалар талқыланды.

Сапардың мәні, Charterhouse Almaty мектебінің ашылуына арналған Gala Event-ке сәйкес келуі болды. Бұл шарада жаңа білім беру жобасының негізін құрайтын британдық оқыту моделінің негізгі концепциялары таныстырылды. Алекс Петеркен Халықаралық білім беру корпорациясының құрамына кіретін акакдемиямен жеке танысу мүмкіндігін пайдаланды.

Charterhouse Almaty мектебінің ашылуы 2026 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. Бірінші жылы мектепте балабақшадан бастап 10-сыныпқа дейін оқыту басталады, ал 2027 жылы жоғары сыныптар ашылады. 2028 жылға қарай Charterhouse Almaty толық циклді мектепке айналады. Оқу бағдарламасы Charterhouse британдық академиялық стандарттарына негізделеді, сонымен бірге Қазақстанның ұлттық ерекшелігін көрсететін міндетті пәндерді қамтиды: қазақ тілі, қазақ әдебиеті және Қазақстан тарихы. Charterhouse Almaty жоғары халықаралық білім талаптарын ұлттық мәдениет пен құндылықтарға терең құрметпен үйлестіреді.