Радикалды идеялар кейде бейкүнә сөздердің артында жасырылады. Қауіпті дер кезінде тани білу, сыни ойлау және арандатуға ермеу — сенің қауіпсіздігіңнің кепілі. Қауіпсіздік әркімнің өзінен басталады.
Қазіргі әлем жағдайында қырағылықты сақтау және зорлық-зомбылық идеологияларына қарсы тұрақты иммунитет қалыптастыру өте маңызды. Бұл бейнеролик студенттер мен жастардың радикалдану белгілері, вербовка әдістері және жеке әрі қоғамдық қауіпсіздік шаралары туралы хабардарлығын арттыруға бағытталған.