2026 жылғы 19 наурызда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) «Жайлы орта» байқауы аясында ARCHITAS компаниясының екінші қонақ дәрісі өтті.
Дәріс тақырыбы – «Кіші сәулет нысандарын жобалау принциптері». Іс-шара «Эргономика» пәні аясында өткізіліп, жетекші профессор-оқытушылар құрамымен келісілген.
Спикер ретінде ARCHITAS компаниясының әзірлеу бөлімінің басшысы Раиль Ильясович Халилов сөз сөйледі. Дәріс барысында кіші сәулет нысандарын жобалаудың негізгі тәсілдері, оның ішінде функционалдылық, эргономика және нысандарды қалалық ортаға интеграциялау мәселелері қарастырылды.