2025 жылғы 26 желтоқсанда KazGASA-ның 45 жылдығына арналған іс-шаралар аясында «SOS Алматы Балалар ауылы» жеке білім беру мекемесінің өкілдері Халықаралық білім беру корпорациясының әкімшілігіне және Сәулет мектебінің студенттеріне алғыс хаттар табыстады.
«Тұрғын және қоғамдық ғимараттар сәулеті» кафедрасында Смаилова Амина (АЖиОЗ-23-21 тобы) және Бикетова Камила (АЖиОЗ-22-19 тобы) студенттері атап өтілді. Олар қауымдастырылған профессорлар Пряник Анатолий Иванович пен Приемец Оксана Николаевнаның жетекшілігімен «SOS Алматы Балалар ауылы» ғимаратын қайта жаңғыртуға арналған әлеуметтік жобаны іске асыруға қатысты.
Жоба аясында студенттер эскиздік жобалық ұсыныстардың екі нұсқасын әзірледі. Ұсыныстарда нысанның функционалдық және әлеуметтік талаптарына сай келетін нақты сәулеттік-жоспарлық шешімдер, сондай-ақ шығармашылық және кәсіби көзқарас көрініс тапты.
«SOS Алматы Балалар ауылы» ЖБМ өкілдері академия басшылығына, профессор-оқытушылар құрамына және студенттерге әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, болашақ мамандарды даярлауда және қоғамдық бағыттағы сәулетті дамытуда ХБК-мен ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.