07.04.26

ХБК-да шетелде білім алу мүмкіндіктеріне арналған Education Event өтті

2026 жылғы 7 сәуірде Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) шетелде білім алу және академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қызығушылық танытқан студенттерге арналған Education Event ақпараттық кездесуі өтті.

Іс-шара аясында қатысушылар алдында шақырылған спикерлер — Жумашов Манас, Жомартова Айым, сондай-ақ Қазақстандағы IELTS-тің ресми серіктесі IDP IELTS Kazakhstan өкілдері сөз сөйледі.

Кездесу барысында қатысушылар шетелдік жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктері, халықаралық гранттық бағдарламалардың талаптары туралы өзекті ақпарат алып, тілдік кедергілерді еңсеру бойынша практикалық ұсынымдармен танысты. Сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу жолдары мен шетелде білім алу траекториясын құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Осындай іс-шараларды өткізу студенттердің халықаралық білім беру мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыруға, академиялық ұтқырлықты дамытуға және жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға ықпал етеді.