18.02.26

ХБК-да «Қосдипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында воркшоп өтті

 

2026 жылғы 18 ақпанда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) British Council қолдауымен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру тетіктерін жетілдіруге бағытталған «Қосдипломды білім беру бағдарламаларын әзірлеу» тақырыбында воркшоп өтті.

Кездесу барысында кредиттік оқыту технологиясы жағдайында қосдипломды білім беру бағдарламаларын жобалаудың негізгі мәселелері, оқу жоспарларын шетелдік серіктестермен келісу ерекшеліктері, ұлттық және халықаралық заңнаманың талаптары, сондай-ақ мұндай бағдарламаларды іске қосу және сүйемелдеу барысында туындайтын ұйымдастырушылық және академиялық кедергілер қарастырылды. 

Воркшопқа білім беру бағдарламаларының кураторлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, мектеп декандары және олардың орынбасарлары қатысты. Қатысушылар қосдипломды білім беру бағдарламаларын дайындау және енгізудің практикалық аспектілерін талқылап, халықаралық академиялық бастамаларды дамыту бойынша тәжірибе және ұсыныстармен алмасты.

Шақырылған спикер ретінде KazGASA түлегі, ҚБТУ Бизнес мектебінің деканы, қауымдастырылған профессор Ержан Булатович Мукашев сөз сөйледі. Ол «Кредиттік технологиялар және олардың халықаралық академиялық серіктестіктердегі рөлі» тақырыбындағы баяндамасында бірлескен бағдарламаларды іске асырудың практикалық тәжірибесін ұсынып, оқу жоспарларының икемділігі мен шетелдік университеттермен серіктестік қатынастарды жүйелі түрде құрудың маңыздылығын атап өтті.