2025 жылдың 8 қыркүйегінде Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын онлайн тікелей эфир өтті. Іс-шараға студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның дамуындағы негізгі бағыттарды айқындап, маңызды бастамалар мен алдағы уақыттағы стратегиялық басымдықтарды жария етті.

Жолдаудың тікелей эфирі студенттер мен оқытушылар үшін елдің даму жоспары мен стратегиясымен тереңірек танысуға, білім, ғылым және жастардың қойылған мақсаттарға жетудегі рөлін түсінуге маңызды мүмкіндік болды