23.02.26

ХБК-да пластик қалдықтарын қайта өңдеуге арналған экструдер жасалды

Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) FabLab зертханасында 3D-баспаға арналған филамент өндіруге мүмкіндік беретін пластик қалдықтарын қайта өңдеуге арналған инновациялық экструдер әзірленіп, құрастырылды. Жоба университет студенттері мен мамандарының стартап-бастамасы ретінде жүзеге асырылып, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіне тұрақты даму қағидаттарын енгізудің нақты қадамына айналды.

Жоба «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық бастамасын қолдауға бағытталған және ХБК (KazGASA)-ның ESG қағидаттары мен тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық бағытын айқындайды. Университет экологиялық бастамаларды өз қызметіне жүйелі түрде енгізіп, жауапты тұтыну мәдениетін, ресурстарды ұтымды пайдалануды және тұйық цикл технологияларын дамытуда.

FabLab зертханасы бұған дейін халықаралық цифрлық зертханалар қауымдастығы FabLabs.io құрамына енген болатын. Бұл халықаралық ашық технологиялық өзара іс-әрекет стандарттарына сәйкестікті растады және университеттің жаһандық инновациялық бастамаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтті.

Жобаның білім беру және әлеуметтік маңызы зор. Ол студенттер арасында инженерлік ойлауды дамытуға, экологиялық бағытталған технологияларды насихаттауға және тәжірибеге бағдарланған оқыту тәсілін нығайтуға ықпал етеді. Жасалған құрылғы тұрақты даму және инновациялық өндіріс саласындағы алдағы бастамалардың негізіне айналады.