2026 жылғы 23 ақпанда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) Pintrillion компаниясының шақырылған мамандары Дизайн мектебі студенттеріне қонақ дәріс өткізді.
Іс-шараның спикерлері ретінде Pintrillion компаниясының директоры және бас дизайнері Анна Аранович, Pinteriors дизайн-студиясының креативті директоры, сәулет магистрі Нурбол Жұмат, сондай-ақ Pinteriors дизайн-студиясының жобалар директоры Артур Упадышев сөз сөйледі. Дәріс «Концепциялармен, визуалмен және сызбалармен жұмыс» тақырыбына арналды және дизайн-жобаны әзірлеудің негізгі кезеңдерін — идея мен концептуалдық шешімді қалыптастырудан бастап визуализациялар мен жұмыс құжаттамасын дайындауға дейінгі үдерістерді қамтыды.
Кездесу барысында студенттер дизайн саласындағы практикалық жұмыс ерекшеліктерімен, тапсырыс берушілермен өзара іс-қимыл тетіктерімен және жобалық құжаттамаға қойылатын талаптармен танысты. Мамандар кәсіби тәжірибелерімен, жүзеге асырылған жобалардың мысалдарымен және нарықта сұранысқа ие құзыреттерді дамыту жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.