29 қаңтар күні Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) KazGASA түлегі, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан құрылысшы, кәсіпкер және қоғамдық-саяси қайраткер, «Қазақстан Республикасының Құрметті құрылысшысы» төсбелгісінің иегері, «ТИМУС Construction» және «TIMUS Development» компанияларының негізін қалаушы, 26 Business Club президенті Тимур Нуртаевтың қонақ дәрісі өтті.
Тимур Нуртаев студенттер алдында «KazGASA студентінен Наурызбай ауданының ірі құрылыс салушысына дейінгі жол» тақырыбында дәріс оқыды. Кездесу барысында спикер өзінің кәсіби жолы, құрылыс саласындағы жұмыс тәжірибесі, жеке бизнесін дамыту және табысқа жетудің негізгі факторлары туралы баяндады. Кәсіпкерліктің практикалық қырларына ерекше назар аударылды: компаниялардың бастапқы кезеңде кездесетін қиындықтары, басқарушылық шешімдерді қабылдау ерекшеліктері және құрылыс пен девелопмент саласында бүгінгі таңда жас мамандар үшін аса маңызды құзыреттер талқыланды.
Дәріс ашық диалог форматында өтті. Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, мансаптық мүмкіндіктерге, құрылыс салушының қызмет ерекшеліктеріне және құрылыс индустриясындағы кәсіби даму перспективаларына қызығушылық танытты.
ХБК (KazGASA) табысты түлектермен және сала мамандарымен өзара ынтымақтастыққа ерекше мән береді, бұл студенттерге нақты тәжірибе алмасуға және еңбек нарығында сұранысқа ие өзекті білім алуға мүмкіндік береді.