23.01.26

ХБК-да халықаралық сәулетші Альгирдас Урбонастың қонақ дәрісі өтті

2026 жылғы 23 қаңтарда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) халықаралық сәулетші Альгирдас Урбонастың қонақ дәрісі өтті. Urbon Design компаниясының негізін қалаушы және бас сәулетшісі ХБК (KazGASA) студенттеріне «Сәулет адамға қалай әсер етеді және адам сәулетке қалай әсер етеді» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріс барысында сәулеттің қоғамға әсері, кеңістіктік ортаны қалыптастырудағы адамның рөлі, сондай-ақ сәулеттік жобалаудағы заманауи тәсілдер мәселелері талқыланды. Студенттер тақырыпқа жоғары қызығушылық танытып, белсенді түрде сұрақтар қойып, пікірталасқа қатысты.

Сапар аясында Альгирдас Урбонас ХБК (KazGASA) ректоры Сабленалиев Бахтияр Асылбайұлымен кездесті. Кездесу барысында одан әрі ынтымақтастық перспективалары, соның ішінде сәулет мамандығы бойынша білім алатын студенттерге арналған тағылымдамалар мен олардың болашақ кәсіби даму мүмкіндіктері талқыланды.

ХБК (KazGASA) жас мамандарды қолдауға ерекше мән береді және университет түлектерінің жетекші халықаралық сәулет компанияларында табысты кәсіби жолын қалыптастыруы үшін қолайлы жағдай жасауға ұмтылады.