2025 жылдың 20-21 қарашасында Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) базасында географиялық ақпараттық жүйелердің дамуы мен қолданылуына арналған жыл сайынғы халықаралық конференция GIS Day Kazakhstan 2025 өтті. Бұл іс-шара — ГАЖ технологияларын ілгерілетуге және олардың экология, қала құрылысы, геология, энергетика, кадастр, цифрлық жоспарлау сияқты салалардағы рөлін нығайтуға бағытталған жаһандық бастаманың бір бөлігі.
Қазақстанда GIS Day 2022 жылдан бері өткізіліп келеді және университеттерді, мемлекеттік құрылымдарды, зерттеу орталықтарын және ірі халықаралық компанияларды біріктіретін маңызды кәсіби алаңға айналды.
GIS Day Kazakhstan 2025-тің бірінші күні ресми ашылу және бірқатар салалық сессиялармен толыққан мазмұнды конференциялық бағдарлама өтті. Қатысушылар ГАЖ-дың тұрақты даму саласындағы қолданылуын, ауа сапасы мен су ресурстарын талдау, қала кеңістігін жоспарлау, цифрлық инфрақұрылым, ГАЖ деректерін интеграциялау және цифрлану дәуіріндегі кадрларды даярлау мәселелерін талқылады. Күннің соңғы бөлігінде геоғылымдар, машиналық оқыту және ЖЖЗ технологиялары қарастырылды, картографиялық байқау нәтижелері мен опырмаларды мониторингтеу, климаттық талдау және цифрлық егіздер жасау жобалары ұсынылды.
21 қарашада іс-шара мастер-класстармен жалғасты. Қатысушылар ArcGIS StoryMaps көмегімен визуалды жобалар құру әдістерін меңгеріп, спутниктік деректерді талдауға арналған Google Earth Engine платформасы бойынша кіріспе тәжірибелік сабаққа қатысты.
ХБК (KazGASA) базасында GIS Day Kazakhstan 2025 өткізілуі индустриямен ынтымақтастықты нығайтуға, ғылыми-білім беру байланыстарын кеңейтуге және университет студенттері мен оқытушыларының геоинформатика, геотехнология және цифрлық картография салаларындағы жетістіктерін ілгерілетуге ықпал етті.