2026 жылғы 23 ақпанда Халықаралық білім беру корпорациясында (KazGASA) «FORM & FUNCTION» функционалдық макеттер байқауы өтті. Байқау сәулет, дизайн, құрылыс және инженерия бағыттарындағы студенттердің кәсіби құзыреттерін дамытуға, сондай-ақ олардың жобалық және тәжірибеге бағытталған қызметін насихаттауға бағытталды.
Іс-шара аясында командалар өздерінің жобалық жұмыстарын көпшілік алдында таныстырды. 2-3 адамнан құралған қатысушылар конструкциялардың тұрақтылығын, инженерлік негізділігін, эргономикасын және қойылған міндеттерді шешудегі креативті тәсілдерін көрсететін функционалдық макеттер ұсынды.
Байқау конструктивті ойлау, инженерлік талдау және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға арналған алаңға айналды. Ұсынылған жобалар жоғары деңгейде дайындалғаны және тәжірибелік бағыттылығымен ерекшеленіп, студенттердің алған білімдерін нақты жобалық жағдайда қолдануға дайын екенін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша үздік командалар дипломдармен, алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен, соның ішінде «Яндекс Алиса» смарт-құрылғыларымен марапатталды.