19.01.26

ХБК-да Дизайн мектебінің жыл сайынғы студенттік көрмесі өтуде

19 қаңтарда Халықаралық білім беру корпорациясында KazGASA академияcsның құрылғанына 45 жыл толуына орай жыл сайынғы студенттік көрме «META-DESIGN — 2026» салтанатты түрде ашылды. Көрмеде Дизайн мектебінің студенттерінің шығармашылық және жобалық жұмыстары ұсынылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне KazGASA ректоры Сабденалиев Бахтияр Асылбайұлы қатысып, студенттерге шығармашылық табыс пен кәсіби өсу тілеп, академиялық білім мен заманауи дизайн тенденцияларының өзара байланысының маңыздылығын атап өтті.

Көрмеде 1-3 курс студенттерінің 84 жұмысы ұсынылды, олар Дизайн мектебінің 22 оқытушысының жетекшілігімен дайындалған. Экспозиция академиялық мектеп пен заманауи дизайн арасындағы диалогты көрсетіп, болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуын және қазіргі креативті нарықтағы сын-қатерлерге дайын болуын бейнелейді.

«META-DESIGN — 2026» көрмесі студенттердің идеяларын бөлісуге, шабыт алуға және жетістіктерін көрсетуге арналған маңызды алаңға айналып, академиялық мектеп дәстүрін және буын сабақтастығын нығайтады.